letra de atajurt (из к/ф «лето 1941 года») - jeltoksan.
[«atajurt» әндері]
[жұп 1: jeltoksan.]
о, байтақ дала, көрмедің тыныш заманды (м-м-м)
шіліңгір ыстық, сұп-суық айдың нұрында
қайғыдан-мұңнан жердің де жүзі қабарды
сен туып-өскен, бабалар өткен бұрында
[ауысу: jeltoksan. & hey monro]
қоштаспай ерлер жөнелді киіп кебенек
сынақта сынбай, қылышын сермеп, от кешіп
сағыныш деген сезіммен олар керемет
атажұртпенен қиялда ғана беттесіп
ай-и-и-и-и
ай-и-и-и-и
[қайырмасы: jeltoksan. & hey monro]
ай-һай, ай-һай, даридай
күн күйдіргенде дүние тегіс жалындап (ай)
төгілген қанды сіміріп жатыр айтақыр
жастығын алып жығылып, мәңгі дамылдап
таппады тыным астында айдың қай батыр? (ай)
таппады тыным астында айдың қай батыр?
[жұп 2: hey monro]
кіндіктің қаны киелі нәр деп білемін (м-м-м-м-м)
түйіршігінде – жусанның иісі, анқыған (ай)
отаның аман – тұрғанда соғып жүрегің
ажал да алыс арайлап атса әр таңың
[ауысу: jeltoksan. & hey monro]
қоштаспай ерлер жөнелді киіп кебенек
сынақта сынбай, қылышын сермеп, от кешіп
сағыныш деген сезіммен олар керемет
атажұртпенен қиялда ғана беттесіп
ай-и-и-и-и
ай-и-и-и-и
[қайырмасы: jeltoksan. & hey monro]
ай-һай, ай-һай, даридай
сан қасіретке қыңқ етпес айдын тақырлар
естіді соңғы есіл бір ердің ұранын
тоқымдай жерін қорғаумен өлген батырлар
астында айдың тапты ғой бақи тұрағын (ай)
[аутро: jeltoksan.]
астында айдың тапты ғой бақи тұрағын
letras aleatórias
- john williams › letra de get happy - john williams
- walt disney records › letra de let's put it over with grover - walt disney records
- gene harris › letra de do you know what it means to miss new orleans? - gene harris
- joyner lucas › letra de one lonely night - joyner lucas
- shug › letra de benz truck - shug
- bilal abdul samad › letra de all you need - bilal abdul samad
- young thug › letra de just might be - young thug
- play69 › letra de bitte spitte fatality - play69
- young thug › letra de thug - young thug
- young thug › letra de phoenix - young thug