letras.top
a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 #

letra de tugan jer tolgauy - ​dudeontheguitar & hey monro & almaty symphony orchestra

Loading...

[припев: dudeontheguitar & hey monro]
шынымен-ақ кеткенім бе шарықтап?
жас балаша тұрмын ба әлде шалықтап?
көз алдымды мұнарлады-ау ыстық жас
қайтадан бір қарайыншы анықтап

[куплет: hey monro & dudeontheguitar]
бір кездері секілді еді алып тау
биік төбе аласарып қалыпты-ау
басындағы әз бабамның бейітін
енді бүгін қиын боп тұр анықтау
көрген сайын көңіл кірі аршылар
әркімнің-ақ туған жері бар шығар
бірақ маған сенсіз әлем тар шығар
сағынышым ыстық жас боп тамшылар
туған жерім — сағынышым сарғайған
құстай ұшып келем саған шалғайдан
жібек желің еркелетіп елітіп
жылы леппен сүйіп жатыр маңдайдан

[припев: dudeontheguitar & hey monro]
шынымен-ақ кеткенім бе шарықтап? (шарықтап, шарықтап)
жас балаша тұрмын ба әлде шалықтап? (шалықтап)
көз алдымды мұнарлады-ау ыстық жас
қайтадан бір қарайыншы анықтап
[постприпев: dudeontheguitar & hey monro & almaty symphony orchestra]
шынымен-ақ кеткенім бе шарықтап?
жас балаша тұрмын ба әлде шалықтап?
көз алдымды мұнарлады-ау ыстық жас
қайтадан бір қарайыншы анықтап

[аутро: dudeontheguitar & hey monro]
қайтадан бір қарайыншы анықтап
қайтадан бір қарайыншы анықтап

letras aleatórias

MAIS ACESSADOS

Loading...