letra de aína - sanurjan
[куплет 1]
ойық-ойық жолдармен тез
асықтың сен үйге мұңды көңіл күйде
қызықтырмайтын әңгімелерден
өтірік күлкілерден
сені тығып құтқарсын
мөлдір көзілдірік, қиялы кітап
түрлі түсті суреті бар арзан зат
тек өзіңе ұнайтын үндер құлаққапта
сүйікті сөздерің онда
[припев]
ал маған бәрібір, көрмесе де бар әлем
бәрібір тарағыма салып әуен
айта берем бұл ғаламда ең әдемі
адам айнадан қарап тұр саған деп
ал маған бәрібір, көрмесе де бар әлем
бәрібір тарағыма салып әуен
айта берем бұл ғаламда ең әдемі
адам айнадан қарап тұр саған деп
[куплет 2]
ойлар, ойлар күнделікте
уайымдар, күдіктер, оны қойдың кілттеп
беріп қою бояу сұр өмірге
алдағы пеналдан “pen” ал дағы, алдан сәл
мөлдір теңіздің қасында қиял үй
шілдір шүмегіңде сүйіктіңнен сый
жылы от басында жымиюда жанұя
қаламмен сырғи берсін сияң
[бридж]
бәрін де көтереді нәзік иық
көздеріңде мәңгі түңғиық
кететіндей бір өмір сыйып
тек өзіңнің есіңнен есіміңді өшірме
қалғандардың бәрі көшірме
қалғандардың бәрі көшірме
[припев]
ал маған бәрібір, көрмесе де бар әлем
бәрібір тарағыма салып әуен
айта берем бұл ғаламда ең әдемі
адам айнадан қарап тұр саған деп
ал маған бәрібір, көрмесе де бар әлем
бәрібір тарағыма салып әуен
айта берем бұл ғаламда ең әдемі
адам айнадан қарап тұр саған деп
letras aleatórias
- letra de hero (live) - within reason
- letra de revoando com os amigos - mc rick
- letra de спагетти (spaghetti) - смоки мо (smoky mo)
- letra de auchnochda - liser
- letra de agosto, domingo 2 - ney dicí
- letra de underworld - patrick wolf
- letra de our movie - jimmy webb
- letra de love not war - dwanna orange
- letra de hermione granger - xlux
- letra de mary - g. deep