letra de kaitadan - ninety one
сұраш(ы), саған деген сезімдерімнің өлшемін
ешкім жауап бермейд(і), cебебі шексіздік есептелмейд(і)…
көзіңді жұм осы бір сәтте
ештеңеге ойыңды бөлме (ааа)
екі жүрек үнсіз қалсын лүпілімен
айырылып қалатындаймын бір күні мен
саған қалай айталамын
айтпай қалай жай табамын
сол алғашқы жалынды
жағайықшы қайтадан.
саған қалай айталамын
айтпай қалай жай табамын
сол алғашқы жалынды
жағайықшы қайтадан.
(қалдырма мені)
сөнген сезімді қайтар, өзгер менімен қайта
айтпа қиын деп
сайтан алғыр махаббат арадағы бар жараларды ұлғайтад(ы)!
арақашықтық сенде болған сезімдерді қашыртты
бірақ кімде кінә мұнда жүре күмән туды
жүрек ауырад(ы), сірә – ғашықпын!
хмм. білесің бе?!
суынған жүректің ызғарын (ыыы)
өз жүрегіммен жылытамын (еее)
ал сен жанымда бол жай ғана, алаңдама
менің әлемімде ешкім жоқ
өзің ғана.
саған қалай айталам(ын)
айтпай қалай жай табам(ын)
сол алғашқы жалынды
жағайықшы қайтадан.
жүрегім жабық тым, мен жалықтым (а.)
сәулесін сыйлашы жарықтың
іштей жанып тұрм(ын) (түш.) тоқтатшы мені
өртеніп барады жаным, ауыр маған
аламын демді сенен осы шақта жүре өткенге сенем(ін)
бұрынғы қателік біткен мәселе тосқауыл істеме әйтпесе.
саған қалай мен айталам(ын)
осының бәрін айтпай қалай мен жай табам(ын)
айтшы, сол алғашқы жалынды
бірге жағайықшы қайтадан өтінем(ін)!
саған қалай айталам(ын)
айтпай қалай жай табам(ын)
сол алғашқы жалынды
жағайықшы қайтадан.
саған қалай [мен] айталам(ын)
[осының бәрін] айтпай қалай мен жай табам(ын)
[айтшы], сол алғашқы жалынды
[бірге] жағайықшы қайтадан [өтінем(ін)]!
көзіңді жұм осы бір сәтте…
letras aleatórias
- letra de sake bottle in the sea - kendrhell
- letra de lose my tears (nfv3) - nekonotsuka rider
- letra de big flexa - cki
- letra de 7 am awn a sunday - ox33n
- letra de ди zzz... - stxdy
- letra de 2:09am - mobley
- letra de "monster" freestyle - necro
- letra de yeah, yeah - charlie mcalister
- letra de damn skippy - yvncc
- letra de body - juiiicyboyz